Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Баспанаға мұқтаждық басым

Өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімі Арман Баженов «ашық есік» күні қоғамдық қабылдауын өткізді.

Қабылдауға аудан әкімі аппаратына қарасты дербес бөлім басшылары қатысып, тұрғындардың мұң-мұқтажына зейін қойды. Тұрғындарды мазалайтын басты мәселе - баспанаға мұқтаждық. Мәселен, бірі ұзақ жыл алыс қыстақтарда мал шаруашылығымен айналысып, балаларының оқуы, т.б. мәселелерін айта отырып, баспана алу мүмкіншілІктері туралы кеңес алса, екіншісі қызметтік пәтер қажеттігін алға тартты. Сонымен қатар, қабылдауда балаларының оқу ақысына арналған гранттарға көмек сұраушылар қатары да болды. Ашық есік күніне жолы түскен Айжарқын Ардаққызы мұғалім-ұйымдастырушы мамандығымен жұмыссыз жүргенін айтып, шағымданды. Әкімдік қызметкерлері қазіргі таңда мамандығына сай әзірге бос жұмыс орны жоқ екенін ескертіп, алайда жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсете алатынын жеткізді. Аудан басшысы қабылдауға келген азаматтар өтінішіне жіті мән беріп, жауапты мамандарға тапсырма берді. Алдағы уақытта қозғалған мәселелердің шешілуін қадағалайтынын айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT