Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ОРКЕСТР МЕН ДИРИЖЕР – ЕГІЗ

«ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ» ДЕЙТІН ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ШЫҢЫНДА ҰРПАҚТАН ҰРПАҚҚА ЖЕТКЕН АСЫЛ МҰРАСЫ ДӘСТҮРЛІ ӘНІ МЕН ЖЫРЫ, КҮМБІРЛЕГЕН КҮЙІ, АСПАПТЫҚ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКА ӨНЕРІ ТҰР. ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТЫМЫЗДЫҢ ДАМУЫНА ӨЛШЕУСІЗ ҮЛЕС ҚОСЫП, ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ МЕРЕЙІ МЕН МӘРТЕБЕСІН АСЫРЫП, АСПАПТАР АРҚЫЛЫ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ МӘДЕНИЕТІН КӨРЕРМЕНГЕ ЖЕТКІЗІП ЖҮРГЕНДЕР – ӨНЕРДІҢ ОРКЕСТР ҰЖЫМДАРЫ. АУДАНДАҒЫ РЫСБАЙ ҒАБДИЕВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҚ ҰЛТ-АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ ӘРІ ДИРИЖЕРІ МУСАЕВА АЙГЕРІМ АСХАТҚЫЗЫ. 

Рысбай Ғабдиев атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрі - ұлттық өнерді дәріптеп, халық музыка мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан шығармашылық ұжым. Оркестрдің іргетасы 2007 жылы қоғамдық негізде құрылып, 2008 жыл дан бастап штаттық негізде жұмыс жасап келеді. Оркестрдің құрылуына себепкер болған Жұмаден ағайымызбен бірге тынбай еңбек етіп, жетістіктерге жетуіне алғашқы құрамында болған талантты музы канттар, ұстаздарымыз Базарғали Суханқұлов, Зоя Ізімғалиева, Аққалыш Сапанова, Тұрғаным Есқазиева, Асылзада Орынғалиева, Қайрат Жұбанышқалиев, Римма Спанова, Қарлығаш Камалова, Гүлназым Төленбаева, Римма Шаукерова, Гүлнар Хайырлиева, Римма Шаукирова, Кенжеғұл Жалғасбаев, Төлеуғали Базаров, Айсана Ексебаева, Зәуреш Аронова, Анар Ғалым, Бақыт Габдуллина, Гүлзира Мәтешбаева, Зәуреш Ерғалиева, Гүлбаршын Са риева, Гүлсара Адайбекова, Октябрь Шамаровтың еңбектері зор.

Ұжымның негізгі бағыты – халық әндері мен күйлерін, заманауи шығармаларды кәсіби деңгейде орындап, көрерменге жанды, мағыналы музыкалық бағдарлама ұсыну. Оркестр құрамында кәсіби домбырашылар, қобызшылар, сырнайшылар, прима, шертер, ұрмалы аспаптарда ойнайтын тәжірибелі мамандар өнер көрсетеді. Ұжымда оркестр құрылған жылдардан бері қызмет атқарып жүрген Құралай Досымова, Тілек Есқазиев, Нұрлан Карекешев, Айгүл Есқалиева, Серік Нысанов, Айнұр Жұбанышқалиева сынды алдыңғы буын аға-апалар болса, қазір құрамы жаңа буын жастармен – Айкерім Қалжанова, Аружан Құмаш, Аслан Құбаев, Данагүл Гинаятова, Раушан Иманбаева, Айдана Қапашева, Азамат Жеңісов, Ерлан Орынбасаров, Жайық Орынбасар, Айгерім Үбенова, Әсемгүл Дүйсенғалиева, Айдар Әділов, Нұржігіт Амантаев, Айдар Досымов, Ерболат Кәрімов, Нағим Сатимов, Мұратбек Жұмашевтармен толықты. Әрбір музыкант орындаушылық шеберлігімен, сахналық мәдениетімен және ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігімен ерекшеленеді.

-2018 жылы Р.Ғабдиев атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестріне жетекші әрі дирижер болып тағайындалдым. Оркестрге жетекшілік ете жүріп М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығын игердім. Менің өнерге келуімнің бірден бір себепкері – әкем. Ал «халықтық» атағы бар оркестрге дирижер болып, үлкен сахнаға шығуыма мектеп қабырғасында жүргенде аудандық өнер мектебінде оқыған кезімде домбыра сабағынан дәріс берген Октябрь Шамаров, Зоя Ізімғалиева, Гүлсара Адайбекова, колледж қабырғасындағы Сырым Шанайұлы, Ержан Қитаров, Артур Қазиев сынды ұстаздарымның еңбегі зор. Еңбек еткен жылдарымда, әрине, еңбегім еленбей қалмады. Бірнеше алғыс хаттар, дипломдар, Құрмет гра моталармен марапатталдым. «Үздік жас маман» номинациясымен, Атырау облысы «Талант» шығармашылық Академиясының «Талант» төсбелгісімен марапатталдым. Оркестр ұлттық музыканың қадір-қасиетін, киелі қара домбыраның үнін, дәстүрлі күйлердің бай мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында табанды еңбек ете береді,- дейді ОРКЕСТРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ ӘРІ ДИРИЖЕРІ МУСАЕВА АЙГЕРІМ АСХАТҚЫЗЫ

Ж.Нариманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT