26 желтоқсанда ГБУ «Орион» бассейнінде жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жүзуден Байқоңыр қаласының жыл сайынғы Ашық біріншілігі — «Жаңа жылдық старттар» өтті.
Жарысқа Ақтау, Атырау, Байқоңыр және Қызылорда қалаларынан 121 спортшы қатысты. Төрт дисциплина бойынша 48 медаль жиынтығы сарапқа салынды:
50 м баттерфляй, 50 м шалқалап жүзу, 50 м брасс
50 м еркін стиль Атырау құрамасы жалпыкомандалық есепте жоғары нәтиже көрсетіп, келесі жүлделерге ие болды:
10 алтын, 12 күміс, 10 қола медаль
Алтын медаль иегерлері: Сали Аяна — 4 Рүстемұлы Рустам — 3 Нұрланқызы Мидина — 2 Азаматқызы Айзере — 1
Күміс медаль иегерлері: Ерболат Раяна — 3 Карелов Марсель — 2 Бағыт Сұлтан — 2 Азаматқызы Айзере — 2 Пхулаван Адам — 2 Нұрланқызы Мидина — 1
Қола медаль иегерлері: Карелова Амелия — 3 Пхулаван Адам — 2 Карелов Марсель — 1 Милев Вадим — 1 Бағыт Сұлтан — 1 Жұмабай Жұлдыз — 1 Бахытқызы Амира — 1 Жарыстың демеушісі ПАО «ПСБ банк» абсолютті жеңімпаздарды естелік сыйлықтармен марапаттады.



