Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сауапты істен құр қалмайық!

Аудандық «Бәйтерек» мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтановтың аудан жамағатына

Үндеуі

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. Біріншіден баршамызды Құрбан айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!

11 тамыз құрбан айттың алғашқы күні. Бұл күні аудан бойынша Миялы, Сағыз, Мұқыр ауылдарындағы мешіттерде таңғы сағат жетіден бастап уағыз айтылады. Ал, айт намазы жергілікті уақыт бойынша 7.30-да оқылады. Айт намазынан соң барлық жерде құрбан шалу рәсімі басталады. Сол күннен бастап үш күн бойы құрбан шалуға болады. Айт күндері аудан орталығындағы «Бәйтерек» мешітінде де түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Құрбан малдары шалынғаннан соң, мешіт ауласындағы киіз үйде айттық шай беріледі. Мереке содан кейін асық ату, арқан тартыс сияқты спорттық шаралармен жалғасады. Сондай-ақ, аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрмыс төмен отбасыларға қаржылай көмек берілмек. Мұның өзі жергілікті әкімдіктің ұлық мерекеге деген құрметін көрсетеді.

Ендеше, жылына бір келетін мерекеде мүмкіндікті жібермей, сауапты істердің жанынан табылайық, ардақты ағайын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521