«Арман» мәдениет үйінде «Еңбегіне - тағзым, жетістікке - құрмет» тақырыбында жұмысшы мамандықтар жылына орай «Жыл үздігі - 2025» салтанатты шарасы өтті.
Оған аудан әкімі, аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты шара «Жұлдыз-ай» үлгілі би ұжымының «Шляпа» биімен ашылды. Бұдан соң сахнаға көтерілген аудан әкімі Қанат Әзмұханов ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін Қызылқоға ауданының «Құрмет грамотасымен» аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің бас маман-есепшісі Бағытжамал Бисенғалиеваны және бірнеше саланың үздігін марапаттады. Сол сияқты аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали мен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Өтеуғали Дүйсәлі де жыл ішінде еселі еңбегімен көзге түскен үздіктерге арнайы диплом мен статуэтка табыстады. Шара барысында барлығы 29 саланың үздіктері ұлығыланып, мәртебелері асқақтады. Салтанатты жиын одан әрі «Арман» мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасын тауып, олар ән мен биден көпшілікке шашу шашты. Осылайша жылдың қорытынды шарасы өз мәресіне жетіп, жиналған көпшілік үздіктерді ұлығылап, құтты болсын айтып тарқасты.
Дулат МӘТЖАН
ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ
1) «Үздік мұғалім-2025»
номинациясының иегері
Қаракөл орта мектебінің тарих
пәнінің мұғалімі
Суатова Фарида Болатқызы
2) «Үздік дәрігер-2025»
номинациясының иегері
Аудандық аурухананың жалпы тәжірибе дәрігері
Ізбас Ақмарал Асқарқызы
3) «Үздік спортшы-2025»
номинациясының иегері
Самбо, Алыш белбеу
күресінен спорт шебері
Аруов Аманбек Жұмахметұлы
4) «Үздік су шаруашылығының қызметкері-2025»
номинациясының иегері
«Казсушар» Қызылқоға өндірістік учаскесінің
эксковатор трактористі
Мырзабай Бекболат
Кенжеғалиұлы
5) «Үздік газ саласының қызметкер-2025»
номинациясының иегері
Қызылқоға газ шаруашылығының шебері Нұрғалиев
Ақылбек Бақтыбайұлы
6) «Үздік құтқарушы-2025»
номинациясының иегері
Аудандық №10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі
Башаров Наурызбек Берікұлы
7) «Үздік жұмысшы-2025»
номинациясының иегері
Ғабдол Сланов атындағы орта мектептің
Қызметкері
Мақпал Тасмағамбетова
8) «Үздік әлеуметтік
желі жүргізушісі-2025»
номинациясының иегері
Өскінбай Ахат Бөлекбайұлы
9) «Үздік жүргізуші-2025»
номинациясының иегері
Жангелдин дәрігерлік амбулаториясының жүргізушісі
Хайруллин Салық
Ғаббасұлы
10) «Үздік іс жүргізуші-2025»
номинациясының иегері
Мұқыр орта мектебінің
іс жүргізушісі
Муханшиева Жұмақыз Жауынбайқызы
11) «Үздік тәрбиеші-2025»
номинациясының иегері
«Ақбота» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі
Қанатқали Бақытгүл Қуанғалиқызы
12) «Үздік мейірбике-2025»
номинациясының иегері
Аудандық аурухананың
станционар бөлімінің
аға медбикесі
Айдын Рауасия Русланқызы
13) «Үздік әлеуметтік
сала қызметкері-2025»
номинациясының иегері
Жамбыл ауылдық округінің ассистент қызметкері
Кашимова Гүлсім Талапқызы
14) «Үздік қызмет көрсетуші-2025»
номинациясының иегері
Аудандық зейнетақы төлеу бөлімшесінің
маманы Сағынова
Гүлназ Амандыққызы
15) «Үздік байланысшы-2025»
номинациясының иегері
Қызылқоға желілік техникалық учаскесінің желілік
техникалық ресустарды қолдау
орталығының электромеханигі
Мұхсанова Гүлмира Елешқызы
16) «Үздік пошта қызметкері-2025»
номинациясының иегері
Қызылқоға аудандық пошта байланыс торабының
учаске бастығы
Қанашова
Райхан Қалыбайқызы
17) «Үздік электромонтер-2025»
номинациясының иегері
«Атырау Жарық» Қызылқоға аудандық электр
желісінің кезекші
электромонтері Өтешов Төлеген Ізбасарұлы
18) «Үздік мәдениет қызметкері-2025»
номинациясының иегері
«Шұғыла» мәдениет
үйінің әдіскері
Мерғалиева
Мәншүк
Дүйсенғалиқызы
19) «Үздік кітапханашы-2025»
номинациясының иегері
Мұқыр ауылдық кітапханасының кітапханашысы
Қашқынбаева Гүлзада Сайынқызы
20) «Үздік полиция қызметкері-2025»
номинациясының иегері
Сағыз полиция
бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы
Қарабаев Нұрбұлан Нұрболатұлы
21) «Үздік мемлекеттік қызметші-2025» номинациясының иегері
Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы
Тапаев Серікбай Төлеубайұлы
22) «Үздік депутат-2025»
номинациясының иегері
«Казсушар» Қызылқоға өндірістік учаскесінің
учаске бастығы
Темірғалиев Сайлаубек Кенжебайұлы
23) «Үздік теміржолшы-2025»
номинациясының иегері
Сағыз станциясының
пойыз құрастырушысы
Әділов Сабыржан Аманжолұлы
24) «Үздік өндіріс маманы-2025»
номинациясының иегері
Ихласов Азамат Ғизатұлы
марапатталады
25) «Үздік есепші-2025»
номинациясының иегері
Қызылқоға ауылдық
округі аппаратының
бас маман есепшісі
Шаденова Жарқынай Елемесқызы
26) «Үздік табиғат жанашыры-2025»
номинациясының иегері
аудандық мәслихат депутаты
Нұров Есенбай Сәмекұлы
27) «Үздік ерікті-2025»
номинациясының иегері
Атырау облыстық «Ақниет» бірлестігінің
Қызылқоға ауданы бойынша төрайымы
Бердіғалиева Назира
Жұбанышқызы
28) «Үздік қоғам белсендісі-2025»
номинациясының иегері
Таласов Жайлау Асқанұлы
29) «Үздік тілші-2025»
номинациясының иегері «Қызылқоға»
газетінің тілшісі
Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы




