2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына Қызылқоға ауданы бойынша аудан әкімі аппаратына, дербес бөлімдерге, ауылдық округ әкімі аппараттарына барлығы 724 жолданым келіп түскен (2024 ж- 689), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6 % -ға өсіп отыр.
Мемлекеттік мекемелерге түскен өтініштердің түрлері бойынша: арыз – 300 (40%), шағым – 4 (0,2%), сұрау салу, үн қосу, хабарлама – 377 (53,1%), ұсыныс – 43 (6,7%). Азаматтардың өзекті мәселелері бойынша: ТОП -1: Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық мәселелері - 315 (44,3%); ТОП -2: Жұмыспен қамту мәселелері - 166 (22,5%); Жеке қабылдаулар бойынша: 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша Қызылқоға ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кезеңде 362 қабылдауы ұйымдастырылып, 654 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесімен 62 өтініш оң шешілді, 592 өтінішке заң талаптарына сай түсінік берілді. Оның ішінде 12 айда аудан әкімімен 31 қабылдау ұйымдастырылып, 185 азамат жеке қабылданды. аудан әкімінің орынбасарларымен 79 қабылдау өткізіліп, 99 адам қабылданды, аудан әкімі аппараты басшысымен 5 адам қабылданды.
Азаматтарды қабылдау орталықтары жұмысы бойынша: Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан бойынша Азаматтарды қабылдау орталықтарына (АҚО-ға) келген азаматтардың саны – 525, оның ішінде: кеңес алғандар саны – 250, МО басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының саны – 275, АҚО-да тіркелген өтініштердің саны – 366. Сондай-ақ, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жиі қойылатын сұрақтар: "Е-Өтініш" АЖ арқылы өтінішті қалай беруге болады? Авторизациядан өту және «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша (көрсетілетін қызметті алу үшін eotinish.kz сайтында тіркеуден өтуіңіз қажет немесе бірреттік тіркелуіңіз керек).
Мемлекеттік органдарға өтініш беру. Ұсынылған нысанды толтырыңыз. ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰҚО) ЭЦҚ өтінішіне қол қойып және мемлекеттік органға жіберу. Жеке кабинет арқылы өтініштің мәртебесін бақылауға болады. Қызылқоға ауданы әкімдігі жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығының телефон нөмірі.
8 (71238) 2-12-04 Азаматтарды қабылдау орталығында өтініш берушілерді қабылдау қалай жүзеге асырады? Өтініш берушілерді қабылдау «Ресепшн» және «Күту» аймақтары арқылы жүзеге асырылады, қызмет көрсету «Консультациялар», «Жеке қабылдау» аймақтарында жүзеге асырылады, «Өзіне-өзі қызмет көрсету» аймақтарының жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Субъектілерге жолданған өтініштерді қабылдау «e-Өтініш» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) арқылы жүзеге асырылады. «Ресепшн», «Күту», «Өзіне-өзі қызмет көрсету» аймақтарының жұмыс істеуін, сондай-ақ өтініш берушілерге бағыт-бағдар беруді Орталық қызметкерлері қамтамасыз етеді. Жұмыссыздарға жәрдемақы беріле ме және оның мөлшері қандай?
Иә, жұмыссыз ретінде тіркелген және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындалады. Төлем мөлшері азаматтың соңғы 24 айдағы орташа айлық табысының 40 пайызын құрайды және төлеу мерзімі әлеуметтік аударымдар жүргізілген кезеңге байланысты белгіленеді. Біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін қандай құжаттар керек? Біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар:
1) жанұя мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;
2) жанұя мүшелерінің табыстары туралы анықтамалар;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт немесе құжат. Атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не?
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) – жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға берілетін шартты немесе шартсыз ақшалай көмек. Ол отбасының әр мүшесіне тағайындалады. Отбасы құрамына бірге тұратын жақын туыстар мен бірге тұратын азаматтық жұптар да кіреді. Тұрғын үй салу үшін жер телімі кезегіне қалай тұруға болады? Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер теліміне EGov.kz порталы арқылы онлайн өтінім беріп, кезекке тұруға болады. Ол үшін порталға кіріп, «Жылжымайтын мүлік» - «Жер қатынастары» бөлімінен «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметін таңдау қажет. Жұмыссыздыққа қалай тіркелуге болады?
Жұмысы және табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген азамат төмендегі бағыттар бойынша өтініш бере алады. Олар: 1) тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы арқылы; 2) egov.kz веб-порталы арқылы; 3) enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы.



