Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 24 желтоқсан 2025 жылғы бұйрығымен, Еркебұлан Нұрымұлы Ермеков, Жылыой ауданы прокуроры лауазымынан босатылып, Қызылқоға ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Еркебұлан Нұрымұлы 1987 жылы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Прокуратура органдарында 2009 жылы Қызылқоға ауданының прокуратурасында қызметін бастаған. Кейін, облыстық аппаратта, Қызылқоға ауданы прокурорының орынбасары, Атырау қалалық прокуратурасының Бөлім бастығы, облыс прокурорының аға көмекшісі, Табиғат қорғау прокурорының орынбасары, Табиғат қорғау прокуроры, 2024 жылдан бастап Жылыой ауданының прокуроры қызметін атқарған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі-16 жыл 2 ай



