Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БАЛАҢЫЗ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Жақында өз жұмысын бастаған «Айналайын» уақытша бала бағу орталығы да «Zhasproject» жобасы аясында ашылды.

Жаңа жобаның ашылу салтанатына қатысқан топ менторы Сержан Бисенғалиев лентасын қиып, жастарға сәттілік тіледі. Миялы ауылынан ашылған орталық аз қамтылған, көп балалы отбасының ата-аналары үйде болмаған жағдайда балаларын уақытша қарайды. Тәрбиеші мамандар балаға қарап қана қоймай, олардың ой-өрісін дамытатын ойындар ойнатып, уақытын тиімді өткізбек. Әр бала орталықта үш сағат көлемінде бола алады.

– Жобаға өз ұсынысымызды ұсынарда көп ойландық. Ауылда жоқ, бірақ халық игілігіне жұмыс жасайтын тың жобаны қарастырдық. Қазір көп ата-ана баласын қараусыз қалдырудан қорқады. Қасында сенімді адам болса дейді. Бірақ, үнемі олай бола бермейді ғой. Қарапайым дүкен араласын, құжаттарымен жүрсе де екі-үш сағат көлемінде уақыты кетеді. Осы уақытта алаңсыз жүруі үшін орталыққа баласын қалдыра алады, - дейді топ көшбасшысы Нұрәділ Еламан.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT