Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Президент мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы өкімге қол қойды.  

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия әдебиет қайраткері Ілия Жақанов пен өнер қайраткері Мұханғали Томановқа берілді. Ілия Жақанов - 1936 жылы туған, көрнекті музыкатанушы, өнертанушы, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының, «Отан» және «Парасат» ордендерінің, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері. Мұханғали Томанов – 1973 жылы туған, режиссер, «Құрмет» орденінің иегері. Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға қолдауы мен қамқорлығының айғағы.  Сондай-ақ олардың ұлт мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан елеулі үлесіне көрсетілген құрмет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT