- Информация о материале
- Денсаулық
- : 246
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы уақыт қалғанда №49 «Келешек» мектебінің оқушылары қызу дайындық үстінде.
Оқушылар оқу құралдарын толықтырып, мектеп формасын әзірлеп, алдағы білім маусымын зор ықыласпен күтуде.
Жазғы демалыстан кейін мектеп табалдырығын жаңа мақсаттармен аттауға ниетті шәкірттердің көңіл күйі ерекше. Әсіресе, бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндер үшін бұл кезең толқынысқа толы әрі есте қаларлық сәттердің бірі.
Жаңа оқу жылы – тың мүмкіндіктердің, жаңа білім мен жарқын жетістіктердің бастауы. Әрбір оқушының өз қабілетін дамытып, арманына бір қадам жақындай түсуіне мектеп ұжымы барлық жағдайды жасауға дайын.
№49 «Келешек» мектебі барлық оқушыларға жаңа оқу жылында биік белестерді бағындырып, білімге деген қызығушылықтары артып, шығармашылық пен ізденістері еселене беруіне тілектестік білдіреді.
Жаңа оқу жылы баршаңызға сәттілік пен толағай табыс әкелсін!
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 189
Атырау облысында 13–18 шілде аралығында облыстық перинаталдық орталық базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен «Stop инфекция» жобасы аясында «Босандыру ұйымдарындағы инфекциялық бақылау» тақырыбында медицина қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде. Оқыту медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алуға, ана мен нәрестеге көрсетілетін көмектің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 157
«Біз таңдаған жол» жобасы аясында Исатай ауданында «Ауылға жақсылық» Pro Bono бастамасымен еріктілер мен белсенді азаматтарға арналған алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту шарасы өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 201
Атырау облысында неонаталдық қызметті жүйелі түрде нығайту жалғасуда. Биыл жаңа туған нәрестелерді реанимациялауға арналған заманауи жабдық екі бірдей мекемеге — Облыстық балалар ауруханасы мен Атырау қалалық перзентханасына жеткізіледі.
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 233
Медицина қызметкерлері күніне орай Атырауда «Өз денсаулығыңды тексер» атты ашық есік күні ұйымдастырылып, тұрғындар тегін медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 421
«Еліміз сапалы әрі қарқынды түрде өсіп-өркендеуі үшін азаматтарымыздың тәні де, жаны да сау болуға тиіс. Бұл – баршаға белгілі ақиқат.
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 103
Атырауда «AYALA академиясы» жобасы аясында ультрадыбыстық диагностика мамандарына арналған бес күндік білім беру бағдарламасы басталды. Эксперттік пренаталдық диагностиканы Италиядан келген профессор Тулио Ги жүргізуде.
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 353
Атырау облысында мемлекеттік медициналық мекемелердің дәрігерлеріне арналған білім беру бағдарламасы басталады. Оқыту жұмысын Еуропалық одақ елдерінен келген жетекші халықаралық мамандар жүргізеді.



