Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТҮЙІР НАН – ТАМШЫ ТЕРДЕН

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА АУДАНДЫҚ ГАЗЕТ АРҚЫЛЫ ТҮРЛІ САЛАДА ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН ҚАРАПАЙЫМ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДӘРІПТЕЛІП КЕЛЕДІ. БҮГІН АУДАН ТАРИХЫНДА ЕРЕКШЕ РӨЛ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ЕҢБЕК ЕТКЕН ИНДЕР АВТОТРАНСПОРТ КӘСІПОРНЫ ТУРАЛЫ СӨЗ ҚОЗҒАМАҚПЫЗ. ҚАЗІР ЗАМАНДЫ ТЕХНИКАСЫЗ ЕЛЕУТЕТУ ҚИЫН. ӘСІРЕСЕ АВТОТРАНСПОРТ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӨРКЕНДЕТУДЕГІ МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ. 

«Автотранспорт» кәсіпорынының көлік жүргізушісі болып қызмет еткендердің бірі Альмухатов Жаңбырбай Жұмашұлы. Ол 1955 жылы Есбол ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Индербор кентінде 1 сыныпқа барып мектеп табалдырығын аттаған ол 1973 жылы мектепті аяқтайды. Алғашқы еңбек жолын осы жылы Индер желілік-өндірістік басқармасында оператор болып бастайды. 1973-1976 жылдары Архангельск облысы Северодвинск қаласында Теңіз флотында әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын атқарған. Келген соң 1977 жылы қаңтар айында «Рудник» мекемесіне жүргізуші болып орналасып, 1979 жылдың аяғына дейін еңбек етеді. 1980 жылы қаңтар айында «Авто транспорт» мекемесіне жұмысқа жүргізуші болып орналасып, 15 жыл тұрақты қызметте болады. Кейін Индер желілік-өндірістік басқармасында жұмыс жасайды.

 – Мектеп бітіре салысымен еңбекке араластым. Қазіргі Индер желілік-өндірістік басқармасында оператор болып бастадым. Сонда жүріп әскерге шақырылып, үш жыл әскер қатарында болдым. Ауылға келгеннен кейін сол кезде гүрілдеп тұрған «Рудник» мекемесінде жұмыс жасадым. Ол кезде Сатыбалды Қостанаев, Сапыш Закишев, Кекілбай, жабай ағайларымнан көп нәрсені үйрендім. Одан соң 1980 жылдан 1995 жылға дейін Автотранспорт мекемесінде жүргізуші болып еңбек еттім. Бұл қауқары үлкен мекеме болатын. Миялы-Атырау, Атырау-Индер, Құлсарыдағы тас жолдың, одан қала берді аудан ішіндегі тасжолдардың салынуына атсалыстым. «КамАЗ», «КрАЗ», «Маз», «Икарус» секілді көліктерді басқардым. Жылдың төрт мезгілінде ауыр жүк көліктерімен Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларын, ауыл-аймақты ара лап, тамақ, жем, бидай, шопан қыстақтарына мал азығын тасыдық, – дейді ол.

Жаңбырбай Альмухатовтың айтуынша, аталған мекемені сол жылдары Хамза Бакенов басқарса, бас инженер Мақсот Жұмағалиев, жүргізушілер Ұлықпан Утеғалиев, Мұрат Құсайыновпен бірге жұмыс жасаған. Сол жылдары мекемеде Жауынбай, Қасқырбай, Таубай есімді еңбек адамдары күні-түні жұмыс жасаған.

– Қазақ «Еңбек түбі – береке» дейді. Жастайымыздан уақытпен санаспай жұмыс жасадық. Жылдың төрт мезгілінде, аптап ыстықта да, қақаған аязда да әртүрлі категориядағы жүргізушілер отбасын тастап, алыс жолға шығатынбыз. Ол кезде қазіргідей ұялы телефон жоқ. Мекеме телефондарына хабарласып, отбасымызға амандығымызды білдіретінбіз. Алып мекеме үй салып, біраз ауыл адамдары баспаналы болған еді. Бұның барлығы тарих. Бүгінгі жас ұрпақтың тарихты білгені жақсы. Қазір қарапайым еңбек адамдарын қолдау, дәріптеу жұмыстары жүруде. Жастар мамандықты қателеспей таңдап, ерінбей еңбек ете білсе, жемісін көретіні анық. Халқымыз «түйір нан – тамшы тер» деп текке айтқан жоқ қой, – дейді Жаңбырбай Альмухатов.

Ол Табандылықпен еңбек еткен ол 1987 жылы Гүлжамал Жаналисова мен отбасын құрып, өз шаңырағының керегесін кең ұстай білді. Жары 40 жыл аудандық ауруханада медбике болып еңбек еткен. Бүгінде екеуі де еңбегінің зейнетін көріп отыр. Бес баладан өрбіген 6 немере, 7 жиеннің қызығына бөленуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі» деп атап көрсеткендей, өз мамандығын жаңылыспай таңдап, ел үшін еңбек еткен әр жұмысшы иесі қошеметке лайықты. 

Ж.Нариманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT