Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Облыстағы жүк вагондарын шығаратын зауыт өндіріс ауқымын кеңейтпек

Өткен жылы Атырау облысындағы теміржол машина жасау саласының дамуына серпін беріп, қызметін бастаған вагон құрастыру зауыты сыйымдылығы 3 мың тонна болатын сұйытылған газ сақтайтын қойма салып жатыр. Бұл туралы Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Ақбөбек Шарғабаева айтты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қойма құрылысы осы жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Құны 7 миллиард теңге болатын жоба іске асқаннан кейін тұрақты 60 жұмыс орны құрылмақ.

- Алдағы уақытта «Тексол Транс» ЖШС вагон зауытын әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, өндіріске қажетті қосалқы бөлшектерді, вагонның басқа да түрлерін жасап шығармақ. Мұның бәрі өңірдегі теміржол-көлік саласының өркендеп, елді жұмыспен қамтуға, экономиканың дамуына өз септігін тигізеді, - деді Ақбөбек Шарғабаева.

Еске сала кетейік, вагон құрастыру зауыты 2024 жылы іске қосылды. Жылына 6 мың вагон шығаруға қауқарлы ғимарат бүгінде 180 адамды жұмыспен қамтып отыр. Компания вагондар мен цистерналар шығарып, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге арналған барлық инфрақұрылымды қамтитын вагон жасау кластерін дамытпақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT