«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Бақсай ауылдық округінде ауқымды қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған шара барысында аулалар, әлеуметтік нысандардың маңы және қоғамдық орындар қардан тазартылды.
Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері мен жауапты мамандар белсенді қатысып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Қыс мезгілінде қар тазалау – жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және тұрғындардың жайлы қозғалысының маңызды бөлігі.
Таза орта – денсаулық кепілі!
Барша тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға, бірлесіп атсалысуға шақырамыз.
Бақсай ауылдық округі әкімі аппараты.



