Жақында Мемлекет басшысының бастамасымен Конституцияға өзгерістер енгізіліп, жобасы дайын болды.
95-баптан тұратын Конституцияның жаңа жобасында 3-баптың 2) тармағында «Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты» деп көрсетілген. Бұл орта білімнің міндетті және мемлекет оған толық кепілдік береді деген сөз. Сонымен қатар Қазақстан жастарының тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Мұндай құқық әлемнің көптеген мемлекеттерінде жоқ. Бұл – еліміздің жастарға деген ерекше көзқарасының көрінісі. Қазақстанды тәуелсіз, ықпалды әрі экономикалық тұрғыдан қуатты мемлекет ретінде келесі ұрпаққа табыстаудағы ең басты міндеттің бірі. Жалпы жаңа Конституция қоғам мен мемлекеттің стратегиялық даму міндеттеріне жауап бере отырып, негізгі қоғамдық-саяси институттарды түсіну және олардың даму перспективаларын бағалау үшін заманауи тұжырымдамалық тәсілдерді қамтиды. Жаңа Конституция – мемлекетіміз үшін аса маңызды тарихи оқиға.
Абзал ШОҚАН,
Қарабау орта мектебінің директоры



