Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАРҚЫН ӨМІРГЕ ЖАҢАША БЕТБҰРЫС

Бүгінгі Конституцияға енгізіліп жатқан тұжырымдамалық өзгерістер – жай ғана құқықтық түзетулер емес, бұл – жарқын өмірге бетбұрыс. Мен бұл жаңаруды елдің ертеңіне деген жауапты әрі нақты қадам деп бағалаймын.

Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің басты басымдығы ретінде жариялануы – Әділеттілік, Заң мен Тәртіп қағидаттарының нақты орныққанын көрсетеді. Бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің мемлекет негізі ретінде бекітілуі – көпұлтты Қазақстан үшін аса маңызды құндылық. Егемендік пен Тәуелсіздік, аумақтық тұтастықтың өзгермейтін құндылықтар қатарында айқындалуы – ата-бабадан аманат болған жер мен елге деген адалдықтың заң жүзінде нығаюы. «Мемлекеттік биліктің бастауы – халық» деген тұжырым да ел үні мен еркін таңдауына берілген әділ баға. Ата Заңда білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияға басымдық берілуі – болашақтың кілті адами капиталда екенін айғақтайды. Ал цифрландыру дәуірінде азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау нормасының енгізілуі – уақыт талабына сай шешім. Дін мен мемлекеттің ара-жігінің нақтылануы, білім беру жүйесінің зайырлы сипатының бекітілуі, неке туралы дәстүрлі ұстанымның Конституция деңгейінде айқындалуы – қоғамның рухани негізін сақтауға бағытталған. Қорыта айтқанда, бұл өзгерістер елдігімізді бекемдеп, адам құқығын биік қойған, болашаққа сеніммен қарайтын Қазақстанның берік құқықтық тұғыры деп білемін.

Жәнібек КЕНЖИН,

аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT