Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ БӘРІ – МАҢЫЗДЫ

Әрбір еңбек адамының еңбегін лайықты бағалау, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту және қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру мақсатында Президент өзінің Жолдауында 2025 жыл жұмысшылар жылы деп жариялады.

Бұл бастама еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды үлес қосады. Еңбек адамына құрмет көрсету, оның еңбегін лайықты бағалау – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Елімізге кәсіби даярлығы жоғары, білікті жұмысшылар өте қажет, бұл – анық нәрсе. Сондықтан мен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияладым. Қазір елімізде мыңдаған жұмыс орны бос тұр. Түрлі салада, тіпті, жалақысы едәуір жоғары жұмыс орындары бар. Бұл орындарды шетелден келіп жатқан адамдар толтыруда. Жыл сайын мыңдаған инженер, құрылысшы және ауыл шаруашылығы маманы оқуын бітіріп шығады. Алайда көбі мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Олар арнайы білімді қажет етпейтін, тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдайды. Әрине, жұмыстың жаманы жоқ, адал еңбектің бәрі – маңызды. Бірақ бұл үрдіс жеке адамға да, бүкіл елге де үлкен пайда әкелмейді. Азаматтардың өндіріске барғаны абзал. Экономиканың нақты саласында жұмыс істеуге ұмтылғаны жөн. Осыған мемлекет қажетті жағдай жасауы керек. Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек. Оларға лайықты жалақы төлеу қажет. Бұл – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» деген болатын. Шындығында қазіргі жастарды қарап отырсақ жеңіл жұмыс қалайды. Ауылшаруашылығы саласына, өндіріске барғысы келмейді. Біздің аудан ауылшаруашылығымен тығыз байланысты. Механизатор, тракторист басқа да мамандардың жетіспеушілігі байқалса да жастарымыз бұл жұмыстардан қашады. Бұл жұмыстарда жүрген жасы үлкен ағаларымыз. Өзім де ауылшаруашылығы саласының ардагерімін. Осы салаға бүйрегім бұрып тұрады. Дамығанын қалаймыз. Жұмысшы мамандықтарға басымдылық беріліп тұрған шақта жастар еңбек етуі керек.

 Марат ҚҰСАЙЫНОВ,

еңбек ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT