Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ел болашағына жасалған нық қадам

 Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа Конституция жобасы әзірленді. Конституциялық реформаның басты идеясы – мемлекет пен қоғамның өзекті құндылықтарын айқындап, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттік биліктің тиімділігін арттыру.

Конституцияның жаңа мәтінінде әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет жоғары заңдық деңгейде бекітілді. Сондай-ақ, Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі өзгермейтін құндылықтар деп баса көрсетілді. Бұл өзгерістер еліміздің халықаралық аренадағы дербестігін нығайта түсері анық. Жаңа конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып бекітіліп, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалады. Конституциялық реформа Әділетті Қазақстан қағидаттарына негізделіп, заң мен тәртіп, адал азамат және таза қоғам құндылықтарын нығайтуға бағытталған. Жаңа жобада бір палаталы Парламент – Құрылтай моделі ұсынылып, қоғамдық диалогты күшейтетін жаңа институттарды енгізу көзделген. Сондай-ақ Конституцияға өзгерістер тек референдум арқылы енгізілетіні белгіленді. Бұл өзгерістердің барлығы елміздің болашағы үшін жасалған нық қадам.

Орынша ӘЖІҒАЛИЕВА,

 аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT