Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАҢАШЫЛДЫҚ – ЖАРҚЫН ӨМІРГЕ БАСТАЙДЫ

Ұсынылып отырған Конституциялық реформалар – еліміздің саяси келбетін түбегейлі жаңартатын, болашаққа бағытталған тарихи қадам. Бұл өзгерістердің өзегінде мемлекеттік басқаруды децентрализациялау және азаматтардың құқықтарын қорғауды конституциялық деңгейге көтеру жатыр.

Мәселен, жаңа Ата Заң мәтінінде Қазақстанның Халық Кеңесінің құрылуы ерекше маңызға ие. Бұл платформа Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын заң шығару бастамасымен ұштастыра отырып, халық үнінің тікелей мемлекеттік шешімдерге айналуына жол ашады. Осы жүйелі жаңғыруды Вице-президент институтының енгізілуі толықтырып, мемлекет басшысының атынан қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етпек. Реформаның ең басты жетістігі – адам құқықтарының кепілдігін күшейтуінде. Алғаш рет Ата Заңда адвокаттық қызмет пен адвокатураның жеке баппен бекітілуі және әлемдік тәжірибедегі «Миранда ережесінің» енгізілуі – әрбір азаматтың қорғалу құқығының бұлжымастығын білдіреді. Бұл қадамдар кінәсіздік презумпциясын нығайтып, азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдарға тыйым салу арқылы құқықтық әділдікті орнатады. Сондай-ақ, заманауи дамудың қозғаушы күші ретінде зияткерлік меншік құқығының қорғалуына басымдық берілуі – еліміздің білім, ғылым және инновация жолындағы айқын бағытын көрсетеді.

Әзиза САҒЫТЖАНҚЫЗЫ,

облыстық ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталық мекемесінің Қызылқоға ауданы бойынша маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT