«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы» С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттеріне «Бірпалаталы Парламентті қолдаймын/қарсымын» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты - «Бірпалаталы Парламентті қолдаймын/қарсымын» тақырыбы бойынша жастардың саяси сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту және азаматтық ұстанымдарын, саяси көзқарасын қалыптастыру.
Кездесуге спикер ретінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Жамиға Тәжікқызы қатысты. Спикер Бірпалаталы Парламенттің мәні, оның саяси жүйедегі орны және халықаралық тәжірибедегі үлгілері туралы ой бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында жастар екі бағытта өз көзқарастарын білдіріп, дәлелді пікір айтуға тырысты. Іс-шара соңында қатысушылар мұндай кездесулердің қоғамдық-саяси мәселелерге қызығушылықты арттыруға маңыздылығын атап өтті.



