2026 жылдың қаңтар айында Қызылқоға ауданы бойынша аудан әкімі аппаратына, дербес бөлімдерге, ауылдық округ әкімі аппараттарына барлығы 86 жолданым келіп түскен .
Мемлекеттік мекемелерге түскен өтініштердің түрлері бойынша: арыз – 44, шағым – 3, сұрау салу, үн қосу, хабарлама – 33, ұсыныс – 6. Жеке қабылдаулар бойынша: 2026 жылдың қаңтар айы бойынша Қызылқоға ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кезеңде 58 қабылдауы ұйымдастырылып, 146 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесімен 5 өтініш оң шешілді, 141 өтінішке заң талаптарына сай түсінік берілді. Оның ішінде аудан әкімімен 4 қабылдау ұйымдастырылып, 9 азамат жеке қабылданды. аудан әкімінің орынбасарларымен 6 қабылдау өткізіліп, 12 адам қабылданды, ауылдық округ әкімдері 23 қабылдау өткізіліп, 52 адам қабылданды, бөлім басшылары 25 қабылдау өткізіліп, 73 адам қабылданды. Азаматтарды қабылдау орталықтары жұмысы бойынша: Ағымдағы жылдың қаңтар айында аудан бойынша Азаматтарды қабылдау орталықтарына (АҚО-ға) келген азаматтардың саны – 53, оның ішінде: кеңес алғандар саны – 30, МО басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының саны – 23, АҚО-да тіркелген өтініштердің саны – 39. Сондай-ақ, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жиі қойылатын сұрақтар: "Е-Өтініш" АЖ -де қандай жолданымдар тіркелмейді?
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ, «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде мыналар тіркелмейді: 1) бір субъектіден екінші субъектіге келіп түскен қызметтік құжаттар; 2) жоғары тұрған органның нұсқаулары мен тапсырмалары; 3) жарнамасы бар ұсыныстар; 4) азаматтық, қылмыстық әкімшілік істер; 5) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жолданымдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жолданымдар. Көтерме жәрдем ақы алу үшін қандай құжаттар керек? - жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); - білім туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); - көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; - жеке шот туралы анықтама. Әкімнің жеке қабылдауына қалай жазылуға болады? ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90 бабының 1-ші тармағына сәйкес, Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға міндетті. Тіркелу үшін «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне жазбаша өтініш жазып, тіркелуге болады. Немесе жергілікті атқарушы органға келіп жазылуға болады.
Қабылдауға шақыру бекітілген кестеге сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. Жеке қабылдаудың уақыты мен күні көрсетілген хабарлама «е-Өтініш» жүйесі арқылы Сіздің байланыс телефоныңызға 1414 - бірыңғай байланыс орталығы арқылы жолданатын болады. Жұмыссыздарға жәрдемақы беріле ме және оның мөлшері қандай?
Иә, жұмыссыз ретінде тіркелген және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындалады. Төлем мөлшері азаматтың соңғы 24 айдағы орташа айлық табысының 40 пайызын құрайды және төлеу мерзімі әлеуметтік аударымдар жүргізілген кезеңге байланысты белгіленеді.



