Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МАҚСАТ – САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ 

Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту дәстүрі 2005 жылы Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен басталды. Көтерген сауалды Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдап, арнайы мерекелік күн ретінде бекітті. Осыдан бастап Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі.
Дүниежүзілік сайлау күнін  құра отырып, ұйымдастырушылар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру мәселесіне адамдардың назарын аударуға тырысты. Мақсат – демократиялық сайлаудың маңыздылығын еске салып, сайлаушылардың белсенділігін арттыру.

Сайлау туралы заманауи қазақстандық заңнама сайлау қатынастары мен процестерінің әр түрлі аспектілерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер блогынан тұрады. Ол өзінің құрамы жағынан кең және алуан түрлі. Сайлау заңнамасына нақты мемлекеттік билік органдарын сайлауға арналған арнайы нормативтік актілер ғана емес, сонымен қатар азаматтардың сайлау құқықтарын, сайлау құқығының принциптерін реттейтін актілер, сондай – ақ сайлау процесінің жекелеген кезеңдері кіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында сайлау заңнамасының іргелі принциптері мен Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын сайлауға байланысты негізгі нормалар бекітілген. Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен облыстық маңызы бар қала,аудандар, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің тікелей сайлауын өткізу тәртібі регламенттеледі. Сондай – ақ, Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға қатысуы жасырын дауыс беру кезінде тең, жалпыға бірдей және төте сайлау құқығы, сайлауға еркін және ерікті қатысу принциптеріне негізделеді. Елімізде сайлау өткізудің ережелері, рәсімдері және принциптері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, сондай – ақ бірқатар  басқа нормативтік құқықтық   актілерде  белгіленген. 
Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының ең  басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы.33 - бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу  кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу – азаматтардың бейқам бақылаушы  емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейқадамдық пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады.
Сайлауда әркімнің дауысы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі  күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ықпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаған таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елдің болашақтағы дамуын айқындайды.
Аталған заңдар шеңберінде  ауданымызда сайлаушыларға мүгедектегі бар азаматтарға қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Аудандағы барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары ғимараттардың бірінші қабатында орналасқан. Сайлау учаскілері пандус, тактильді тақта, қоңыраулар, трафареттермен қамтылған, учаскеде сайлау кезінде арнайы бұрыш  жасақталады.
Ауданда 1 аудандық аумақтық, 4 округтік, 17 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс жасайды.  
Аудандық мәслихаттың 26 желтоқсан 2023 жылғы № 13- і шешіміне сәйкес комиссия құрамының  25 мүшесі жаңадан сайланды. Комиссия мүшелерінің 77 – і (66 %) жоғары білімді, 39 мүшесі орта білімді (34%). Комиссия мүшелерінің 72 – і саяси партиялар, 44 мүшесін қоғамдық ұйымдар ұсынған. 
Атаулы мерекеге байланысты Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы іс – шаралар жоспарын қабылдап, қабылданған іс – шара жоспарына байланысты дүниежүзілік сайлау күніне орай ашық есік күні, колледж, мектеп оқушыларымен кездесулер, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдары  өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланған. Қызылқоға аудандық аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссиялары алдағы саяси науқандарда заң талаптары шеңберінде жұмыс ұйымдастыруға белсене ат салысады.  

Мақсот МҰҚАНОВ,
аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT