Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық шығармашылық топ өзекті әлеуметтік мәселелерді көтерді

Атырау облысының шығармашылық топ қоғамның өзекті мәселелерді көтеріп, креативті видеолар дайындауды қолға алған. Бүгінге дейін мектептегі буллинг, лудомания, есірткіге және әлеуметтік желілерге тәуелділік секілді тақырыптарда бейнероликтер түсірді. Шығармашылық ұжым әлеуметтік роликтер арқылы қоғамға аталған проблемалармен жалғыз күреспей, көмекке жүгіну қажеттігін жеткізуді мақсат еткен. Айта кетейік, видеоларды түсіруге Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы қолдау көрсетті. 

«Avocado social video’s» жобасын «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» жүзеге асырған. Бұл жоба қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелерді түсінуге және оларды шешуге жастарды белсенді түрде араласуға шақырады. Ұжым осы мақсатта тапсырыс берушімен бекіткен түрлі тақырыпта әлеуметтік видеолар түсіріп келеді. 

Жоба авторлары бейнероликтерге түскен актерларды кастинг арқылы іріктеп алған. Ұйымдастырушылыар арнайы мамандардың қатысуымен іріктеу өткізіп, 25 адамның актерлік шеберліктерін бағалап, 16-сын таңдап алған еді. Олардың арасында Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры мен республикалық деңгейдегі актер Асланбек Жанбалаев сынды кәсіби мамандар да бар. 

Жобаның алғашқы бағыттарының бірі ретінде «Лудомания» тақырыбы таңдалды, сонымен қатар "Буллинг", "Дорога не прощает ошибок" және "Мир глазами животных" мәселелері бойынша подкаст форматында фокус-топ жиыны өткізілді. Бұл жұмыстың нәтижесінде түсірілген әлеуметтік бейнеролик әлеуметтік желілерде жарияланып, 210 мыңнан астам қаралым жинады. 
 
Жоба авторлары алдағы уақытта маңызды тақырыптарға арналған жаңа бейнероликтер түсіруді жоспарлап отыр. Облыс әкімдігі де мұндай бастамаларды қолдауды жалғастырмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT