Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Аудандық емхананың жас дәрігері

Дәрігер қай кезде де қастерлі мамандық саналған. Өйткені жауапкершілік жүгі салмақты, атқаратын жұмысы маңызды бұл салаға екінің бірі өмірін арнай бермейді. Бүгінде ауданда дәрігер мамандарға сұраныс жоғары.

Жас дәрігерлерді елді мекендерге тартудың тиімді жолы – баспанамен қамтамасыз ету. Кейінгі жылдары жас мамандар үшін қызметтік баспана беру қарқыны артқан. Осы ретте өз ісін сүйіп, халқына адал қызмет етіп жүрген ақ халатты жандарды қанша дәріптесек те артық етпейді. Адам жанына араша түсіп жүрген жас абзал жандардың бірі – аудандық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Арынғазиев Арман Намазханұлы. Бала кезінен дәрігер болуды армандаған ол 1999 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында дүниеге келген. Ташкентте 6 сыныпқа дейін білім алып, 2011 жылы отбасымен Қазақстан Республикасы Шымкент қаласына қоныс аударып, білімін жалғастырады. 2016 жылы мектепті аяқтаған соң Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясына (ОҚМА) жалпы тәжірибелі дәрігер (ЖТД) мамандығына түсіп, 2022 жылы «бакалавр» дипломын алған соң 2022-2024 жылдары интернатураны бітіріп, жалпы тәжірибелі дәрігер дипломын алады. Осылайша оңтүстік батысқа аяқ басып, еңбек жолын аудандық емханада бастайды. – Дәрігер болуға мектеп кезден қызығушылық өте ерекше болды. Оңтүстіктен батысқа қоныс аударып, Индер ауданынан аурухана директорының шақыртуымен келдім. Осында учаскелік дәрігер болып жұмысқа тұрдым. Келген кезде аудандық аурухана директоры Анаргүл Хамидоллақызы жылы қарсы алып, жұмыспен таныстырды. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы – жастарға таптырмайтын мүмкіндік. Жас мамандарға арналған жәрдемақы алдым. Керекті заттармен, үймен қамтамасыз етті. Қазіргі таңда ауданда жұмыс жасап жатқаныма 1 жыл болды. Менің учаскемде 1630 тұрғын бар. Жас маман ретінде алға қойған мақсат – біліммен өсіп, еңбектің шыңына жету, медицинадағы карьерлік өсу, – дейді Арман Намазханұлы.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT