Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тайсойғаннан жерасты суы тартылса...

Еліміз дамып өркендеген сайын ауданымызда да ауқымды жұмыстар жасалып жатыр.

Алайда, түйткілді мәселелер де аз емес. Соның бірі – «Миялы-Сағыз» тас жолының мәселесі. Басында бұл жол салынғанда бәріміз қуанғанбыз. Бірақ, соңғы жылдары әбден бүлінді. Ойқы-шойқы, толқын болып жатыр.

Мүмкін «Атырау-Ақтөбе» тас жолын салып жатқандарға «Миялы-Сағыз» жолының бетіне бір қабат асфальт құю жайлы ұсыныс білдірейік. Екінші мәселе – ауызсу. Қазір Миялының халқының тұтынып отырған ауызсуы кереметтей тұщы деуге келмейді. Ал, Тайсойғанның жерасты суы тұп-тұщы, әрі мамандардың айтуынша ол жақта су қоры мол.

Менің ендігі ұсынысым – Тайсойғанның жерасты суын Миялы мен Жангелдинге тарту. Осы арқылы ауызсу мәселесін біраз шешуге болады.

Мәлік СҮЛЕЙМЕНОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT