Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АРДАГЕРЛЕР АҚЫЛШЫҢ АЛДЫҢДАҒЫ

Дүйсенбі күні аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев ардагерлермен кездесті.

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиынға ақсақалдар мен ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары қатысты. Ашық пікір алмасу форматында өткен жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин ашып, жүргізіп отырды. Жиында сөз алған аудан басшысы Нұрсұлтан Орақұлы:

– Өздеріңізге белгілі жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін әр басшы өзінің жұмыс жүйесін құрады, жоспарын жасайды. Сол сияқты мен өзімнің жаңа жұмысыма кірер алдында аудан үлкендерінің алдынан өтіп, батасын алып, мұң-мұқтаждықтарын тыңдауды жөн көрдім. Сондықтан, бүгінгі отырыста емін-еркін өз пікірлеріңізді білдіріп, мәселелерді көтеріп отырсаңыздар, - деді.

Содан кейін, аудан үлкендері кезекпен сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521