Өткен аптада аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық газ учаскесінің қызметкерлері бірлесіп аудан орталығындағы тұрғын үйлерге газ қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша рейд жүргізді.
Мұндағы мақсат – тұрғын үйлердегі газдан болатын өрттер мен жарылыстарды болдырмау. Рейд кезінде горелка жағатын тұрғын үйлердің пештері тексеріліп, пештері, мұржалары қауіпті жағдайда тұрған үй иелеріне ескертулер жасалды. Сондай-ақ, мамандар пеш пен мұржаларының жарылмауын, оларды таза ұстап, түнгі уақытта өшіріп қоюды және балалардың газбен ойнауына жол бермеу керектігін түсіндірді. Апаттық жағдай туындағанда бірден 101 немесе 112 телефондарына хабарласу керектігі ескертелді.
Айта кетсек, ауданда жыл сайын горелка қолданылатын үйлерде адамдардың улануы, кей кездерде қайтыс болу фактілері орын алып отыр. Сондықтан, тұрмыстық жағдайға қолайлы болғанымен газдің қаупі жоғары екендігін ескеріп, қашанда сақтық шараларын қолданып отырған жөн.
Нұрәділ ЕЛАМАН