Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сағызбек – «Жыл меценаты»

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында әр азамат өзінің туған жеріне көмек қолын созып, өз ауылының өркендеуіне үлесін қосу керектігін баса айтқан болатын.

Соған сай, жақында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында туған жеріне қамқорлық көрсетіп жүрген азаматтарды ұлықтау мақсатында шығарылған «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл меценаты» номинациясын табыстау рәсімі өтті.

Жиынды ашқан аудан әкімі Арман Баженов Елбасы мақаласында айтылған «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында өз ауылдарын көркейтуге үлесін қосып жүрген аудан азаматтарына алғысын айта келіп, «Жыл меценаты» номинациясын «Сағыз и КО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сағызбек Тастеміровке табыстады.

Айта кетейік, Сағызбек Төлеуханұлы ауданымызда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қаморлық жасап, мәдени, рухани жұмыстарда да белсенділік танытып келеді. Сондай-ақ, жақында Сағыз ауылынан өз демеушілігімен спорт кешенінің құрылысын бастады. Бүгінде аталмыш кешеннің құрылысы бітуге таяу. Міне, осы және басқа да игі істері үшін ол «Жыл меценаты» номинациясына лайық деп танылды. Марапаттау рәсімінен соң аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали құттықтау тілегін жолдаса, Сағызбек Тастеміровтің өзі еңбегін елеп, марапаттап жатқан аудан басшыларына алғысын білдірді.

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521