Мәңгі ұмытылмайтын, мәңгі есте сақталатын майдангерлердің ерлігі қай уақытта болсын айтулы тиіс тарих.
Осы орайда, мен өзімнің көкем Қитаров Қабдыр Хайроллаұлы жайлы жазғанды жөн көрдім. Ол 1916 жылы Гурьев облысы Мақат ауданы колхоз Коммуна да дүниеге келген. Ол Орал қаласынан жоғары оқу орнын бітіріп, Гурьев қаласындағы Жамбыл орта мектебінде директор болып жұмыс жасайды. Сол уақытта, яғни 1941 жылы соғысқа аттанады. Соғыста жарақат алып, Гомель қаласындағы госпительге түседі. Бұл ақпараттарды өте көп іздедім. Адамдардан сұрастырдым, архивтерді араладым. Бірақ, дүниеден өткен уақыты мен жерленген орнын таба алмай жүрдім. Кейіннен балаларым ғаламтордан іздеуге ұсыныс білдіріп, оны да көрдік. Сол кезде: «Место служба 257 сд. Ст сержант 1943 г 10 февраль Калининская обл. Великолукский район высото 157,3. Саид: память Народа» деген ақпарат шықты. Көп жылдардан бері таба алмаған көкемнің хабарын осылайша ғаламтор арқылы әп-сәтте білдім. Мұнымен айтпағым, кейінгі ұрпақ ата-бабасының ерлігін және тарихын білуі тиіс. Менде осы істі сондай мақсатта жасаған болатынмын.
Сәлік ҚИТАРОВ,
Жангелдин ауылының тұрғыны.