Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жұмысқа орналасуға жаңа мүмкіндік

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бос жұмыс орны мен қызметкерлерді іздеуге арналған бірыңғай онлайн-платформа – Электрондық еңбек биржасы құрылды.

Ол бос жұмыс орындары және түйіндемелерді ақысыз негізде жариялап, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлік алаң. Электрондық биржа www.enbek.kz интернет-ресурсының базасында қызмет жасайды.

Бұған дейін мекемелер штаттағы жұмысшылар санын кеңейту немесе қысқарту жоспарлары жөнінде мемлекетке хабарлап отыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгінуі қажет болатын. Енді бұл жұмыс портал арқылы жүргізілетіндіктен, бизнестің қызметін жеңілдетуге және әкімшілік кедергілерді алып тастауға мүмкіндік пайда болып отыр. Сондай-ақ, электрондық еңбек биржасы бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы бүкіл деректі бір сайт ішінде біріктіруге көмектеседі.

Бұл қызметтер жеке деректерді қорғау туралы заңнаманың бүкіл талаптарын сақтай отырып, жұмыс іздеушінің жеке келісім беруімен оған қатысты жеке деректерді тексеруге мүмкіндік береді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары осы портал арқылы қызметкерлерді іздеу бойынша қызметтерді атқара алады. Компаниялар жарияланған бос жұмыс орындарына қатысты жұмыс іздеушілердің түйіндемелерін өздерінің жеке кабинеттерінде ала алады. Бұл түйіндемелерді алдын ала іріктеумен осы орталықтар айналысатын болады. Рекрутингтік агенттіктер өздеріне қажетті жұмыс іздеушілер туралы деректерді биржадан жүктеп алуға болады. Мемлекет жағынан қарастыратын болсақ, жұмысқа орналасқысы келетін тұлғалардың мүддесі көбірек қорғалып отыр. Жұмыс іздеушілер немесе жұмыс берушілер де портал арқылы осы компанияларды тауып, олардың көмегіне жүгіне алады.

Электрондық еңбек биржасы іске қосылып, қазір оған жұмыспен қамту орталықтарының барлығы қосылып жатыр. Жұмыс берушілер порталда бос жұмыс орындары туралы ақпаратты жариялап, жұмыс іздеп жүрген тұлғалардың дерек базасын қолдану арқылы олардың шарттарына сәйкес келетін жұмыс іздеушілерді таңдауға, сұхбаттасуға шақыруға және бос жұмыс орындарына қызығушылық білдіргендермен онлайн режимде байланыс орнатуға мүмкіндігі бар. Ал жұмыс іздеушілер түйіндемелерді жариялауға, бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеуге, қажетті жұмыс орнына өз қызығушылығын білдіруге, сұхбаттасуға шақырту алуға, жұмыс берушілерден жұмысқа орналастыру туралы хабарламаларды алуға толық құқылы. Ғаламторға қосылмаған азаматтар жұмыспен қамту орталықтары арқылы өз деректерін орналастыра алады. Ал бұл орталықтар қызмет жасамайтын аудандардың тұрғындары ауылдық округтердің әкімдері арқылы осы мүмкіндікке қол жеткізе алады. «Е-Халық» жүйесі ендірілген соң, ауыл әкімдерінің барлығы порталдың бірыңғай базасына қосылады. Сондықтан әрбір азаматта осы порталға шығуға мүмкіндік болады.

Электрондық еңбек биржасы азаматтың әлеуметтік жағдайына қарамастан әрбір адамға жұмысқа орналасуға көмектеседі. Жалақысы жоғары жұмыс мамандарға, басшыларға және мамандығы бар тұлғаларға ұсынылады. Электрондық еңбек биржасындағы бұл үдерістер онлайн жүзінде жүргізіледі. Әрбір жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші порталда электронды цифрлы қолтаңба арқылы өз бетінше тіркеліп, ақпарат жариялай алады немесе халықты жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгінсе болады. Порталда тіркелу үшін тіркеу үлгісін толтырып, электрондық пошта мекенжайын растау қажет. Жұмыс берушілер өз мекемесі туралы ақпаратты растау үшін электрондық цифрлік қолтаңбаны қолдануы тиіс немесе халықты жұмыспен қамту орталығына жолығуы керек. Жоба аясында халықты жұмыспен қамту орталықтарын реформалау басталды. Бұл реформа қызметтер сапасын көтеруге және де жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Жобаның басты құрамдас бөлігі Ұлттық біліктіліктер жүйесі үшін негіз қалыптастыруды көздейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қызметтер жіктеуіші осындай негізге айналып отыр. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мамандары дайындаған бұл жіктеуіш қазірдің өзінде Электрондық еңбек биржасына енгізіліп қойылған.

Саламат САНАҚОВ,

аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT