Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шетелдіктер де неке қия алады

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» туралы өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету жергілікті атқарушы органдармен және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету арқылы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлесе берген өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталатын дәлелді себептер болған кезде неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір ай өткенге дейін неке қиюды тағайындайды немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың берген жазбаша өтініші негізінде оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады. Ал, ерекше мән-жайлар (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде неке қиюды мемлекеттік тіркеу ерлі-зайыпты болатын адамдардың ниеті бойынша, себебі мен растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі.

Азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 7 (жеті) күн, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыдан 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Неке қиюды тіркеу үшін 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Ал, некені қию туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзетумен және қалпына келтірумен байланысты куәлік беру үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді. Неке қиюды тіркеу үшін некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш, мемлекеттік қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжаты мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын түбіртек тапсырылады. Ал, шетелдіктер үшін бұл құжаттарға қосымша некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама қажет. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, өзінің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын ұсынса, елімізде уақытша болатын шетелдік Қазақстан Республикасының ішкі істер органы берген Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін құжатын ұсынады.

Сәнімгүл ЖҰБАЕВА,

аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT