Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аудандық мәслихат депутаттары Мұқырда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жариялаған 5 әлеуметтік бастамасын түсіндіру мақсатында, аудандық мәслихат депутаттары Мұқыр ауылдық округіне іссапармен келді.

Сапар барысында «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы – жаңғыру жолындағы батыл қадам» тақырыбында алдымен Жамансор елді мекеніндегі «ҚайнарМұнайГаз» мұнай-газ өндіру басқармасында жиын өткізді. Онда сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали: – Депутат күніндегі іссапарымыздың мақсаты – аудандағы барлық округтердің тыныс-тіршілігімен танысып, жұртшылықпен, тұрғындармен және сайлаушылармен кездесіп, сол жерде туындаған мәселелерді бірлесіп, ақылдасып шешуге арналған, – деді. Одан кейін «Нұр Отан» партиясы Қызылқоға аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов Елбасы Н.Назарбаевтың «5 әлеуметтік бастамасы» жөнінде қысқаша баяндама жасап, оның халық арасында кеңірек насихатталып, орындалуы «Нұр Отан» партиясына жүктелгендігін тілге тиек етіп, «ҚайнарМұнайГаз» мұнай-газ өндіру басқармасының қызметкерлері Аян Тайжанов, Мұрат Бекпенбетов, Қадырбай Асановтарды «Нұр Отан» партиясының атынан Алғыс хатпен марапаттады.

Осыдан кейін бір топ депутат Жамансор елдімекенінің бастауыш мектебінде тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Тұрғындардың ұсыныс-тілектерінің барлығын тиісті бөлім, мекеме, аудан басшыларына жеткізетіндігін тілге тиек етті. Іссапар одан әрі Мұқыр орта мектебінің акт залында жалғасын тауып, онда «Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл ретте, аталмыш мектеп директорының ғылыми әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Алуа Есенғалиева мектептің қазіргі жағдайы, жаңа үлгідегі білім берудің мектептегі орындалысы, бүгінге дейінгі жетістіктері туралы баяндама жасады. Одан кейін сөз сөйлеген ардагер ұстаз Аманкелді Сәрсембаев, мектептегі ата-аналар комитетінің төрағасы Бақтыбай Досбосынов, математика пәнінің мұғалімі Ақмарал Ахметова, ардагер ұстаз Қанзиба Бөлекбаева, Мұқыр ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Ақниет Сақиев және тағы да басқа азаматтар білім беру бағытындағы олқылықтарды саралай отырып, қазіргі замандағы білім сапасын арттыру үшін қандай жұмыстар жасалу керектігі туралы ойларымен бөлісті. Жиынды қорытындылаған аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали жиын барысында көтерілген мәселелер, айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы ескеріліп, тиісті бөлім, аудан басшыларына жеткізілетіндігін қаперге берді. Сонымен қатар, аталған шараның өтуіне атсалысқан бір топ азаматшаларды Алғыс хатпен мадақтады. Ал, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов Мұқыр ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі Нұрислам Мұратқа партия атынан арба табыс етті.

Лаура НАРИМАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT