Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Баршаңызға мәлім, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. Біз соңғы жылдары осы салада бірқатар маңызды қадам жасадық.» деген болатын. Расында да бұл тұрғыда ауқымды шаралар қолға алынып жатқанымен әлі де болса оған қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет екендігі анық.
Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді. Заң бойынша кез-келген адам осы жамандыққа қарсы тұруға белсенді қатысуға құқылы. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті» деп тайға таңба басқандай етіп жазылып қойылған. Заңның осы және басқа да талаптары сақталатын болса, азаматтардың заңға деген құрметі мейлінше арта түссе, онда жемқорлықтың ауыздықталатыны сөзсіз.
Бекжан ҚОЖАҒҰЛОВ,
Қызылқоға аудандық Қазынашылық
басқармасы басшысының орынбасары