Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жылдық қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген сатып алу рәсімдерін жариялауға жол бермеуге және жоспарлы бюджет көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін ресурстарды жұмылдыруға шақырды.
«Министрліктер мен әкімдіктер жылдық қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша сатып алу рәсімдерін жариялауға жол бермеуі керек. Қаржы министрлігіне өңір әкімдерімен бірлесіп, мемлекеттік бюджет кірістері бойынша жоспарлы көрсеткіштерді қамтамасыз етуді тапсырамын. Қорыта айтқанда, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы жылдың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін барлық ресурсты жұмылдыруға тиіс», - деп атап өтті Олжас Бектенов.



