Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда  150-ге жуық ұландық Әскери ант қабылдады

 Атырау қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде жас сарбаздардың салтанатты түрде Әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Ел қорғаны болуға бел буған 150-ге жуық жас ұландық Отанға адал қызмет етуге серт берді. Шараға әскери бөлім басшылығы, ардагерлер, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Бұл жолғы жас сарбаздар әскери бөлімге Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан шақырылған. Салтанатты жиын Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалған сәттен басталды. Әскери ант қабылдау – әрбір жауынгердің өміріндегі маңызды әрі жауапты кезең. Бұл – Отан алдындағы перзенттік парызды сезіну, әскери қызметтің мән-маңызын терең ұғыну сәті. Ант қабылдаған сарбаздар енді ел тыныштығын күзету жолында қызмет атқармақ. Солардың бірі – қатардағы сарбаз Ердәулет Ниязов. – Әскери ант қабылдау – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл сәтті өмір бойы ұмытпаймын. Ел қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы деп білемін. Біз әскери ант қабылдағанға дейін әскери өмірдің қыр-сырымен таныстық. Енді, міне, Отанға адал болуға серт бердік. Енді осы сертімізге берік болып, өзімізге қойылған жауынгерлік қызметті жоғары деңгейде атқарамыз, – деді жас сарбаз. Салтанатты рәсімге Ақтөбе облысынан арнайы келген сарбаздардың ата-аналары да қатысты.

Қатардағы жауынгер Нұрлан Сансызбаевтың анасы Калиева Сабина өз толқынысын жасыра алмады: 

– Баламның Отан алдында ант қабылдап тұрғанын көру – әр ана үшін үлкен мақтаныш. Ұлымның ер-азамат болып, тәртіп пен жауапкершілікті меңгеріп жатқанына қуаныштымын. Барлық сарбаздарға қызметтерін жақсы атқарып, аман-есен елге оралуын тілеймін, – деді ол.

Іс-шара соңында әскери бөлім басшылығы жас сарбаздарды маңызды күнмен құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT