Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда мұздағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейд өтті

 Қыста мұз қаптаған су айдындарында балық аулау және су ресурстарын қорғау қағидаларын сақтау аса маңызды.

Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің Балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес бөлімі төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп арнайы рейд ұйымдастырды. Мақсаты – мұз үстінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарды анықтау және су айдындарын заңсыз пайдалану дерегінің алдын алу. Іс-шара кезінде балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша 4 құқықбұзушылық анықталып, оларға қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар жасақталды. Рейд барысында азаматтарға қысқы кезеңде мұз үстінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, белгіленбеген орындарға автокөлікпен шықпау және заңсыз балық аулауға жол бермеу жөнінде кеңес берілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері тұрғындарға өздерін және өзгелерді қауіптен қорғаудың маңыздылығын, су айдындарында жауапкершілікпен әрекет ету керектігін түсіндірді. Осы бағыттағы профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT