Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

Жыл басында Конституциялық комиссия құрылып, оның алты отырысы өтті. Оның құрамына 130 адам кірді. Осының нәтижесінде Жаңа Конституция жобасы әзірленді. Жобаның жариялануы – ел болашағы үшін жасалған маңызды қадам.

Онда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғаммен ашық диалог орнату мәселелері басты орынға қойылған. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Осы тұста айта кетер жайт, жобаның қоғамдық талқылауға ұсынылуы халық пікірінің ескерілетінін көрсетеді. Бұл бастама құқықтық мемлекетті нығайтып, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған. Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин: "Конституцияның жаңа мәтініне ұсынылып отырған жаңа мәселелер, жаңа нормалар, басқа да өзгерістер тек қана осы ғимараттың қабырғасында комиссия өз жұмысын бастаған уақыт ішінде ғана пайда болған жоқ. Бұл - жарты жыл бойы ел азаматтарынан, сарапшылардан, қоғам белсенділерінен келіп түскен түрлі бастамалар жемісі. Осы күнге дейін жүргізілген түрлі талқылаудың нәтижесі." деген болатын. Олай болса, жаңа заң жобасы ел үшін қызмет ететініне сенемін.

 Базаргүл Әбдуалиева,

аудандық соттың бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT