АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, жылдың 11 айында шетелдік инвесторлар Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына 750 млрд теңге салған.
- Қарашада жыл басынан бері теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 512,57 теңгеге дейін, яғни, 2,4 пайызға дейін нығайды. Айырбас бағамының серпіні дезинфляциялық саясаттың жүргізілуімен байланысты, - деді ол Үкімет отырысында.
Айтуынша, бұл шара отандық және шетелдік инвесторлар арасында теңгедегі активтерге деген қызығушылықты арттырған.
- Бейрезиденттердің мемлекеттік бағалы қағаздарға салған портфельдік инвестициялары 11 айда шамамен 750 млрд теңгеге, ал қарашада ғана 340 млрд теңгеге ұлғайды. Валюта нарығына Ұлттық банктің шетел валютасын сату операциялары да ықпал етті, - деді Тимур Сүлейменов.
Айта кетейік, бүгін Үкіметте 11 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралып жатыр.



