Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ КІМГЕ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ БЕРІЛЕДІ

Қазақстандағы аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға арналған мемлекеттік төлемнің бірі – тұрғын үй көмегі. Бір тұрғын үйде тұратын отбасының барлық табысына шаққандағы тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге немесе (мемлекеттік қордан жалға алған жағдайда) баспананы жалдауға жұмсайтын нақты шығындары, мәслихаттар белгілеген шекті деңгейден асып кететін отбасылар аз қамтылған отбасы санатына жатады.

Тұрғын үй көмегін берудің негізгі мақсаты – мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй, коммуналдық (су, электр қуаты, газ,) және байланыс (телефон үшін абоненттік төлем) қызметтердің, тұрғын үйді жалға алу шығындарының бір бөлігін өтеу. Көмек алудың негізгі шарттары бар. Нақтырақ айтқанда, көмек тек тұрақты тiркелген және нақты тұрған жерi бойынша ғана көрсетiліп, тек бір тұрғын үй-жайға ғана беріледі. Бұл ретте азаматтар өздерінің жалғыз тұрғын үйінде тұруы немесе оны мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алуы тиіс. Сондай-ақ отбасының табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынща есептеледі. Онда кірістің барлық түрі (жалақы, жәрдемақы, алимент, бизнестен түсетін кіріс, жалға алу, бағалы қағаздар, сыйға тарту және тағы да басқалары) есепке алынады. Тұрғын үй көмегі бір тоқсанға (үш айға) беріледі. Мерзім аяқталған соң қайтадан өтініш беріп, табыс пен шығынды растап отыру қажет. Тұрғын үй көмегі отбасының нақты шығындарын белгіленген рұқсат етілген шығын үлесімен салыстыру арқылы есептеледі. Рұқсат етілген шығын деңгейі – бұл отбасының жиынтық табысынан пайыз түрінде есептелетін шек. Егер тұрғын үйге кеткен шығындар осы пайыздан асып кетсе, мемлекет артық бөлігін өтейді. Бұл пайыз мөлшерін жергілікті маслихаттар белгілейді. Ол отбасының жиынтық табысынан бес пайыздан өзгеруі мүмкін. Рұқсат етілетін үлес мөлшерін мәслихаттар белгілейтіндіктен, көмек шарттары мен критерийлері әр аймақта әр түрлі болуы мүмкін. «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде нақты өңірде коммуналдық қызметтерге белгіленген лимиттерді ескере отырып, нормативтік есеп жасау жүргізіледі. Өтініш беру екі тәсілмен, яғни eGov.kz порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асырылады. Егер өтінішті электронды түрде берген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет болады. Тұрғын үй көмегін рәсімдеу үшін жеке куәлік, өтініш берер алдындағы тоқсанға отбасының табысын растайтын құжаттар, сол тоқсандағы коммуналдық қызметтерге (жылу, су, электр қуаты газ) және байланыс қызметтері үшін (телефон және т.б.) төленген түбіртек немесе келісімшарт, егер баспана мемлекеттік қордан жалға алынған болса – жалға алу шарты және төлем мөлшері көрсетілген құжат, банктік есепшот нөмері (IBAN) қажет. Өтініш беру процесі барынша жеңілдетілген және қолжетімді. Бұл ретте өтініш беруші мен оның отбасы туралы түйінді мәліметтер (жылжымайтын мүліктің болуы, тұрақты тіркеу, кірістер, банк шоты) мемлекеттік органдарға сұрау салу арқылы, ал кірістер туралы мәліметтер ақпараттық жүйелер арқылы тексеріледі. Өтінімді тіркеу үшін алдымен отбасының кәмелетке толған мүшелерінен келісім алу қажет. Бұдан соң шешім қабылдау процесін жылдам және ыңғайлы ету мақсатында «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде белгіленген лимиттерді ескере отырып, нормативтік есеп жасалады.

Бақтыгүл ШЫҢДЫБАЕВА,

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT