Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ЖОБА

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын көпшілікке ұсынды.

Бұл жоба азаматтар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардан түскен ұсыныстардың, ашық талқылаулардың және құқықтық нормаларды жан-жақты пысықтаудың нәтижесінде әзірленді. Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын басты бағдар ретінде айқындау, саяси институттардың тиімділігін арттыру және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын бекіту. Преамбулада адам құқықтары, бірлік пен келісім, егемендік, заң мен тәртіп сияқты құндылықтар жарияланды. Бұл ретте заң үстемдігі, әділдік пен қоғамдық келісім қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтудың негізгі тірегіне айналмақ. Жаңа Конституцияға заң мен тәртіп қағидатын енгізу – құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған батыл қадам. Бұл – азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтетін, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыратын маңызды тетік. Сондай-ақ жобаға цифрландыру, зияткерлік меншік, адвокатура қызметі және мемлекеттік басқарудың жаңа институттары туралы ережелер енгізілді. Құжатта адами капитал, білім беру, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде көрсетілген.

Сайлаубек ТЕМІРҒАЛИЕВ,

аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT