Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖҰМЫСШЫ МАМАНЫ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл шешім – елдің экономикалық тұрақтылығы мен әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін жұмысшы кәсіптерінің рөлін арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық қадам.

Сонымен қатар, ол білікті кадрларды даярлау арқылы елдің тұрақты өсімі мен инновациялық дамуына қосылатын үлестің маңыздылығын көрсетеді. Жұмысшы маманы болу – тек белгілі бір мамандықты меңгеру емес, бұл – өмірлік ұстаным. Ол – тәртіптілік, дәлдік, шыдамдылық және адал еңбекпен тығыз байланысты. Болат балқытушы, механизатор немесе дәнекерлеуші – өз ісінің нағыз шебері. Көпшілік үшін олардың еңбегі қарапайым көрінгенімен, дәл осы мамандар елдің болашағын қалыптастырады.

 Ш.ИЩАНҒАЛИЕВ,

аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT