Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

КӨҢІЛГЕ ҚОНЫМДЫ ЖОБА

Жаңа Конституцияның жобасы – еліміздің саяси өміріндегі маңызды әрі тағдырлы қадам. Бұл құжатта Ұлы Дала ұғымының жаңа Ата заңда шегеленуі біздің тарихи тамырымызды, өркениеттік болмысымызды заманауи құқықтық жүйемен ұштастырған озық шешім деп білемін.

Ата заң жобасында адами капитал мен адам құқықтарына басымдық беріліп отыр. Бұл – мемлекеттің басты құндылығы адам екенін айқын көрсетеді. Бұл тек құқықтық жаңару емес, қоғам санасының жаңа деңгейге көтерілуі. Сонымен қатар Мыңжылдық Ұлы Дала идеясы да Конституция жобасында көрініс тауып отыр. Мұның астарында тарихты жаңғырту арқылы болашаққа нық қадам жасау жатыр. Өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре алған бұл құжат ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиялық негізін қалыптастырады. Жалпы алғанда, жаңа Конституцияның жобасы еліміздің саяси жүйесін нығайтып, азамат пен мемлекет арасындағы сенімді арттыратын, демократиялық дамуымызға серпін беретін маңызды құжат. Сондықтан бұл бастама көңілге қонымды, әрі қоғамның сұранысына толық жауап береді деп сенемін.

 Сағидолла ЯҚЫП,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT