Қызылқоға аудан аумағында 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында «Қауіпсіз аула» жедел профилактикалық іс- шарасы өткізілуде
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты: тұрғын үйлердің аулаларында, балалар ойын алаңдарында және қоғамдық орындарда, отбасы тұрмыстық қарым қатынас саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері аула аумақтарын аралап, тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, күмәнді тұлғаларды анықтау, түнгі уақытта тыныштықты бұзу деректерінің алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында тиісті шаралар қабылдануда. Полиция қызметкерлері тұрғындарға жеке мүліктің қауіпсіздігін сақтау, бөгде адамдарға сақ болу, балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықбұзушылық фактілері анықталған жағдайда 102 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертуде. Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік баршамызға ортақ міндет «Қауіпсіз аула» жедел профилактикалық іс-шарасына түсіністікпен қарап, полиция қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз.
А. Шәкірова,
аудандық Полиция бөлімі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры



