Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялағаны белгілі.
Мемлекет басшысы ол Жолдауда цифрландыру, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, тұрғын үймен қамтамасыз ету, инвестиция тарту, адам капиталын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау сияқты жеті бағытқа басымдық берді. Соның ішінде кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне тоқталуы көңілге қонымды дүние болды. Президенттің айтуынша, ұлттық экономиканың қозғаушы күші – шағын және орта бизнес. Сондықтан әкімшілік кедергілерді азайту, мемлекеттік органдардың жұмысын «бизнеске қызмет көрсету» қағидасына көшіру міндеті қойылды. Ендігі жерде кәсіпкерлерге түсінікті ережелер қалыптасып, олардың құқықтарын қорғау тетіктері күшеймек. Сонымен қатар ішкі нарықта тапшылық туындамас үшін тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады. Бұл отандық компанияларды шикі¬затпен қамтамасыз етіп, қайта өңдеу көлемін арттыруға бағытталған. Азық-түлік өндірушілерге сауда орын¬дарындағы сөрелердің 30 пайыз деңгейінде басымдық берілді. Ал мемлекеттік қолдау алатын сауда орындары үшін талап қатаңырақ: азық-түлік сөрелерінің кемінде 50 пайызы, азық-түлік емес тауар сөре¬лерінің 20 пайызы отандық өндіруші¬лерге арналуы тиіс. Бұл деге¬німіз – кәсіпкер¬лік жолындағы артық кедергілерді жою. Заңнаманы жеңілдетіп, әкім¬шілік тосқауылдарды қысқарту арқы¬лы бизнестің тынысы ашылады. Осы мақсатта арнайы жаңа құрылым – «Реттеушілік интеллект орталығы» құрылады. Ол жасанды интеллект технологияларын қолданып, заңнаманы тексеріп, қажетсіз талаптарды қысқартып, нақты әрі тиімді етіп қайта құрады. Бұл орталық реттеудің заманауи алаңына айналады. Мемлекеттік мүлік туралы заң да қайта қаралады. Негізгі мақсат – экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту. Яғни мемлекет бизнеске артық араласпауы керек, жаңа кәсіпорын құруға тек ерекше жағдайда ғана қаты-суға тиіс. Бұл бәсекенің әділ жүруі¬не мүмкіндік береді.
Алтынзер БАЙМҰРАТОВА,
аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры



