Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою және одан шығу тәртібін жеңілдету туралы тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік қызметке кіруге қатысты жаңа тетіктер енгізілді.
Яғни, мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету бағытындағы жаңашылдықтардың бірі жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған үздік түлектердің аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алуы болып табылады.
Осы талаптарға сай ауданда өткен жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін орташа 3,76 GPA мәнімен үздік аяқтаған Василий Жұлдыз Нұрбекқызы уәкілетті органның келісімі бойынша Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды. Алдағы уақытта да аталған талапқа сай келетін түлектерді мемлекеттік қызметке қабылдау жұмыстары жүргізіле береді. Бұл жаңашылдық білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандырып, кадр тапшылығын шешуде өз септігін тигізетін болады.
Айнұр ШОПАНОВА,
аудан әкімі аппаратының кадр жұмысы және персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы