Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау қаласында ерлер мен әйелдер арасында облыстық шахмат чемпионаты басталды

 2026 жылғы 4–7 қаңтар аралығында Атырау қаласында ерлер мен әйелдер арасында классикалық шахматтан Атырау облысының чемпионаты өтуде. Аталған жарыс зияткерлік спортты дамытуға, шахматты кеңінен насихаттауға және өңірдің үздік шахматшыларын анықтауға бағытталған.

Облыстық чемпионатқа барлығы 40 спортшы қатысуда. Оның ішінде 28 ер адам және 12 әйел адам бар. Турнир классикалық форматта өткізіліп, 7 турдан тұрады. Ойын уақыты әр ойыншыға 60 минуттан белгіленген, әрбір жүріске 30 секунд қосымша уақыт беріледі. Қосымша уақыт бірінші жүрістен бастап есептеледі. Жарыс барысында қатысушылар өзара тартысты кездесулер өткізіп, жоғары шеберлік пен стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетуде. Чемпионат қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар алдағы республикалық деңгейдегі жарыстарға жолдама алатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT