Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аудан əкімі Сағыз, Жамансор ауылдарын толықтай ауыз сумен қамту мәселесінің қалай шешіліп жатқанын айтты

​ «Қазіргі таңда Сағыз ауылында жаңа су айдау ғимаратының және Жамансор ауылынан су мұнарасының құрылысына жоба жасақталған» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Республикалық бюджеттен қаражат сұратылды. Аталған жобалар жүзеге асырылған жағдайда осы ауылдар тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етіледі» деді Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев. Есепті жылы Сағыз, Мұқыр, Жантерек, Жамансор ауылдарын үздіксіз таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ​ «Кереген» ​ жер асты су қорынан қосымша үш ұңғыма қазу жұмыстары басталып,​ 90 пайызға аяқталған. «Қазіргі таңда Миялы және Жангелдин ауылдарын үздіксіз сапалы ауыз сумен қамту ауданымыздың ең өзекті мәселесіне айналды.

Бүгінгі күнге дейін бұл ауылдарға Қарасу қорынан ауыз су​ беріліп келеді. Жер асты су қоры сарқылып, тұрғындардың қажеттілігін өтей алмауда. Мәселені шешу мақсатында Тайсойған жер асты су қорының Батыс аймағынан Миялы ауылына ұзындығы 68 шақырым болатын магистралдық су құбырының құрылысына жоба дайындалуда. Аталған жоба ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында аяқталып, құрылыс 2021-2023 жылдары жүзеге асырылады. Оған дейін аудан орталығында мамыр-қыркүйек айларында ауыз суды уақытпен беру үшін «Қарасу» су қорынан қазылған қосымша үш ұңғыма биыл іске қосылады» деді спикер Нұрсұлтан Бисембиев.

Еске сала кетедік, Қызылқоға ауданы көлеміндегі 26 елді мекеннің 13-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл тұрғындардың 95,5%-ы. Қалған 13 елді мекен (4,5%-ы) жер асты суын пайдалануда. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT