Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Заманға сай шекарашы

Ел шекарасы біздің негізгі мұрамыз. Қуатты әскер, қарулы техника әр мемлекет үшін маңызды.

Қасиетті қазақ шекарасы бүгінде асқан қырағылықпен күзетіліп келеді. Осы орайда шегенделген шекараны күзетуде үздіктердің үздігі жұмылдырылған. Әрбір шекара қорғау бөлімшелері өзіндік жұмыс барысымен ерекшеленуде. ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаменті бүгінде өз жұмысын нәтижелі атқарып келеді. Оларға дәлел Батыс өңіріндегі шекара шебінен күніне мыңдаған жолаушылармен жүк көліктерінің толассыз өтуі. Шекарашылар күніне көптеген түрлі оқиғалармен тап келіп жатады.

Осы бағытта шекарашылардың іс қимылы заң айасында болу бағытында арнайы төс видео камералары берілді. Яғни кез-келген шекара нарядымен жолыққан жан осы кеуде тұстағы камераға тікелей, үзіліссіз жазылып отырады. Шекарашы тексеріп тұрған адам арасындағы байланыстың қандай деңгейде болғанын бақылып, қарауға үлкен мүмкіндік береді. Шекара наряды жұмысқа кіріскен сәттен бастап бейне құрылғы іске қосылады. Бұл қарапайым тұрғын, немесе жолаушы, тіпті жүк тасымалын тексерген сәттерде әскери қызметшінің жұмыс барысы тоқтаусыз камераға жазылады. Құрылғының салмағы мен көлемі қызметшінің жұмысына еш кедергісін келтірмейді. Жылдың әр мезгілінде жұмыс атқара беретін бұл құрылғының қызметі орасан.

Түн уақыты жауын-шашын, қарлы боран сынды кез келген ауа райында да бұл құрылғы еркін жұмыс істей алады. Бұндай құрылғы әскери қызметшімен арадағы қауіпсіздік мақсатында қолданысқа енгізіліп отыр. ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаменті осындай құралдармен толыққанды жабдықталды. Әрбір шекара өткізу пунктарындағы жұмыс барысы бұдан бұлай тағы бір электронды көзбен толықты десекте артық айтқанымыз болмас. «Заманың түлкі болса, таз болып шал» деген қазақ даналығы бекер айтылмаса керек-ті. Расында мына заман техника мен түрлі гаджеттің уақыты.

Осындай сифрландырылған заман шекара шебінде өз жаңалақтарымен қуантып келеді. Дамыған технологияны өз қажетіне сауатты жұмыс істете білген – олда бір тың өзгерістің алғышарттары деген ойдамыз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Аға лейтенант

АЙТӘЛІ Өмірбат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT