Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЩЫ СУДЫҢ КЕСІРІ

Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  449-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат А.Ж.-ға қатысты әкімшіік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат А.Ж. Миялы ауылында орналасқан дүкен ішінде, алкогольдік масаң күйінде, адамдардан ақша сұрап, қайыршылық танытып, мазалап өтініш білдірген. Бұл әрекетті ол, бұрын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.
Сот отырысында А.Ж. өзінің кінәсін толықтай мойындап, алкоголь өніміне сатушылардан және дүкенге келуші адамдардан ақша сұрағанын, жасаған әрекетіне өкінетінін, енді қайталанбайтынына уәде беретінін айтты. 
Сот қаулысымен, құқық бұзушы А.Ж. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
 
Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT