Сан қуаламай, сапаға көшеміз

Сәрсенбі күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтті. Оған Атырау облысының делегаттары құрамымен қатыстым. Съезге Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев төрағалық етті. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған съездің күн тәртібіне партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы қабылданып, партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ, партиялық органдардың есебі тыңдалып, Саяси кеңес пен орталық бақылау комиссиясының құрамы жаңартылды.

Съезд барысында «Нұр Отан» партиясына тапсырма берген Елбасы Н.Ә.Назарбаев: – Партия қоғамдық бақылаулардың жұмысын күшейту керек. Индустриялық, ауыл шаруашылғы, білім, денсаулық сақтау бағдарламалары қабылданып, бағдарламаның бәріне қаржы берілді. Міне, осы бағдарламалардың бәрі орындалса, халықтың жағдайы түзелері анық. Партияның дәрежесін одан әрі көтеру үшін ел алдында жұмыс жасап, халыққа көмек көрсету бағдарламасын күшейту қажет. Біз халықтың шын жағдайымен танысып, қажетті шешімдерді ұсынуымыз керек. Сондықтан, партиялық шаралардың бәрінің мазмұнына аса көңіл бөлуге тиістіміз, – деді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бюджетті бақылап, әрбір теңгенің қайда жұмсалып жатқанын қадағалаудан, аурухана мен мектептер салып, жол жөндеуден басқа Үкіметтің басты жұмысы болмауы тиіс екенін ескертті.

Съезде әлеуметтік қолдауды күшейту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін бірқатар шараларды ұсынған «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге жеткізуді, мүгедек бала асырап отырған ата-аналар мен отбасыларға, асыраушыларға берілетін жәрдемақыны 30 пайызға арттыру керектігі туралы тапсырма берді. Ал, білім мен денсаулық саласына тоқталған Елбасы 17 аймақта 17 үздік оқу орыны болуы керектігін, әрбір тұрғынның денсаулығы мықты және білімді болуы қажеттігін атап өтіп, денсаулық сақтау саласын дұрыстау үшін қосымша 120 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды және олардың басым бөлігі тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға берілуі тиіс екендігі айтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күн тәртібінен түсірмейтін Елбасы өз баяндамасында: «Жемқорлықты жоюға қатты көңіл бөлу керек. Әсіресе, жастар арасында. Биыл жастар жылы, олар – біздің болашағымыз. Ал, партия жас кадрларды қолдауға көңіл бөлсін. Алайда, біз бүгін сан қуаламай, сапаға көшеміз. Бізге партия мүшелерінің сапасы маңызды», - деді.

Таза ауыз су, тас жолдар салу, тұрғын үй мен мектептер салу, ал оларды іске асыруға миллиардтаған қаржылар бөлу аталмыш жиында айтылып, оны оңды шешуге тапсырмалар берілді.

Алберт АҚҚАЙНАНОВ,

«Нұр Отан» партиясы Қызылқоға аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,

съезд делегаты.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика