Жақында «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы Әлеуметтік саясат және инфрақұрылымдық нысандарды басқару департаментінің бастамасымен аталмыш акционерлік қоғамға қарасты өндірістік-құрылымдық бөлімшелердің кен орындарында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмысшылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында, «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының кен орындарында «Демалыс» бағдарламасымен спорттың үстел теннисі, шахмат, бильярд түрлерінен және өнер бағытында шаралар өткізілді.
Өнер бағыты «Қайнар» вахталық қалашығында өткізілсе, аталмыш спорт түрлерінен сайыс «Кенбай» кен орнында болды. Шараға жатақханада демалып, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлер белсене атсалысты.
Нәтижесінде, үстел теннисінен Ғарифолла Көшелеков бірінші орынды, Берекет Елеулиев екінші орынды, Серік Болатаев үшінші орынды жеңіп алса, шахматтан Тимур Бисембаев бірінші орынға, Қайрат Сатмағамбетов екінші орынға, Махамбет Жұмағазиев үшінші орынға қол жеткізді. Ал, бильярдтан Абзал Қоныспаев бірінші орынды, Нұржасар Ғалиев екінші орынды, Берік Сүлейменов үшінші орынды еншіледі. Жеңімпаз-жүлдегерлерге шараны ұйымдастырушы, «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы Әлеуметтік саясат және инфрақұрылымдық нысандарды басқару департаментінің спорт бағытына жауапты маман Әлібек Олжағалиев «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Әнуар Жақсыбековтың қолы қойылған диплом және бағалы сыйлық табыс етті.
Сөйтіп, мұнайшылар бір серпіліп қалды. Айта кету керек, жоғарыда айтқан шаралар барлық кен орындарында өткізілетін болады.
Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ